Иран мен Қазақстанның консулдық қызмет департаменті директорлары Меморандумға қол қою арқылы екі ел арасындағы консулдық қатынастарды дамытуға келісті
Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы 10-шы бірлескен консулдық кеңес отырысы ИИР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінің Бас директоры Алиреза Махмуди мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрілігінің Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаевтың төрағалығымен Тегеранда өтті.

Тараптар екі ел азаматтары үшін визасыз режимнің 14 күндік мерзімге енгізілуіне ризашылығын білдіре отырып, арадағы байланысты дамытуға және әуерейс бағыттарын ұлғайтуға баса назар аударды.
Екі елдің бірлескен консулдық кеңесінде азаматтық, студенттер ісі, түрмеде отырғандар мәселесі, полицияның ынтымақтастығы және есірткіге қарсы күрес және сот келісімдерін жасау сияқты кең ауқымды мәселелер талқыланып, қарастырылды.
Отырыс соңында консулдық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ, қазақстандық делегация ИИР СІМ Консулдық қызмет департаменттің қызмет көрсету бөлімінде болып, оларға осы бөлімнің жұмысы мен қызметі туралы түсініктемелер берілді.